Топырақты кешенді талдау

Топыраққа кешенді талдау жасау бүгінгі таңда минералды шикізаттарды көп мөлшерде сатып алуға қабілетсіз шағын шаруа қожалықтары үшін де, ірі өндірушілер үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде шығындарды төмендетудің оңтайлы шешімі болып табылады. Оған тыңайтқыштарды дәл және негізді түрде енгізу, сонымен қатар, шығындарды жоспарлау мүмкіндігі арқылы қол жеткізуге болады.
Топырақты кешенді талдауға негізгі және қосымша агрохимиялық параметрлерді анықтау жатады:
  • топырақ қышқылдығы pH,
  • топырақтың қарашірікпен қамтамасыз етілуі,
  • азот, фосфор, калидің қолжетімді формаларының мөлшері
  • кальций, магний, күкірт мөлшері
  • микроэлементтер мөлшері: мырыш, марганец, мыс, темір, бор, молибден, кобальт,
  • топырақтың механикалық құрамы,
  • тұздылығы мен сортаңдығы.
Осы көрсеткіштердің барлығын анықтау топырақтың әлеуетін анықтауға және өсімдіктердің минералды қоректенуін оңтайландыруға көмектеседі. Осы талдау негізінде минералды тыңайтқыштарды қолдану жоспары дайындалады, қажет болған жағдайда мелиорация шаралары жоспары жасалады.