Тамшылы суару

a2 Компанияның саясаты фирманың қолайлы имиджін қалыптастыруға, ең алдымен барлық келісімдік міндеттемелерді орындауға бағытталған, олардың қатарына жобаларға технологиялық қосымша жұмыстар жүргізу де жатады. Компанияның тамшылы өсіру жүйесінің (ТӨЖ) әрбір жобасы – Қазақстанның әр түрлі аймақтарының жергілікті жағдайларына қажетті көптеген бастапқы мәліметтерді шығармашылық ойластыру және бағдарламалық өңдеу болып табылады. Тамшылы суару келесі артықшылықтарымен сипатталады:
  • тамшылы суару жағдайындағы булану мен инфильтрацияға ылғалды жоғалту коэфициенті 5 % аспайды, жауын жаудыру машиналарымен дәстүрлі суландыру кезінде - 40—50 %;
  • тамшылы суару жағдайындағы суды үнемдеу жауын жаудыру мен дәстүрлі суарумен салыстырғанда 2,5—3 артық;
  • қоректендіру элементтері тыңайтқыштар ерітінділері түрінде өсімдіктердің тамыр аймағына тікелей беріліп, жақсы сіңіріледі;
  • фертигация кезінде тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті негізгі енгізумен салыстырғанда біршама жоғары;
  • топырақтық ылғалдылық режимін оңтайландыруға жағдай жасалады;
  • тензиометрлерді пайдалану арқылы қалыпты суару топырақтың тұздануы мен сулануының алдын алады:
  • күшті жауын-шашын жағдайының өзінде тыңайтқыштарды фертигациямен енгізу мүмкіндігі;
  • суару кезінде топырақ құрылымын сақтау, топырақ қыртысы қалыптаспайды;
  •  ТӨЖ және фертигация пайдалану арқылы өсірілетін өсімдіктердің жоғары өнімділігіне байланысты ТӨЖ шығындары жылдам өтеледі және еңбек шығындары 1,5-2 есе азаяды.
Компания голланд, түрік және израиль фирмаларының заманауи құрылғыларымен жабдықталады, олар: шүмектер, қақпақшалар, гидрометрлер, сүзу станциялары және әр алуан сүзгіштер, фертигация құрылғысы, "лэйфлэт" суару түтігі, спринлекрлер, қосалқы бөлшектер мен толымдаушылар, сонымен қатар, «AGROIMPERIAL» ЖШС жобалық құрастыру жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі мен тамшылы суару жүйелерінің құрылғылардың қыр-сырын меңгерген мамандары бар.