Тұқым

a1Біздің компания сататын көкөністік және азықтық дақылдардың тұқымдарын ауыл шаруашылық саласында сату көшбасшылары болып табылатын белгілі компаниялар өндірген. Біз үшін сіздерге сапалы тұқымдарды ұсыну өте маңызды, сол себепті біз жеткізушілерді мұқият және саналы түрде таңдаймыз. Біз тұрақты түрде дамимыз, сатып алушылармен жұмыс әдістерін жақсартамыз және әр алуандықты арттырамыз. Біздің өнімдеріміздің ақысын кез келген өзіңізге қолайлы түрде төлеуге болады. Бізден гибридтердің тұқымдарын алу арқылы сіздер тамаша өнім ала аласыздар!

Тыңайтқыштар

«AGRO-IMPERIAL» ЖШС мәдени дақылдардың микроэлементтерге қажеттілігін зерттеу мен талдауда оларға не қажет, өсімдікке вегетацияның жекелеген кезеңдерінде қалыпты дамуы мен максималды өнім алу үшін не жетіспейтіндігін түсіну үшін ауқымды жұмыстар жүргізген.

Өсімдіктерді қорғау құралдары

Өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау құралдары: гербицидтер, инсектицидтер, уландырғыштар, өсу стимуляторлары және фунгицидтер.

Тамшылы суару

a2Компанияның саясаты фирманың қолайлы имиджін қалыптастыруға, ең алдымен барлық келісімдік міндеттемелерді орындауға бағытталған, олардың қатарына жобаларға технологиялық қосымша жұмыстар жүргізу де жатады. Компанияның тамшылы өсіру жүйесінің (ТӨЖ) әрбір жобасы – Қазақстанның әр түрлі аймақтарының жергілікті жағдайларына қажетті көптеген бастапқы мәліметтерді шығармашылық ойластыру және бағдарламалық өңдеу болып табылады.   Тамшылы суару келесі артықшылықтарымен сипатталады:
  • тамшылы суару жағдайындағы булану мен инфильтрацияға ылғалды жоғалту коэфициенті 5 % аспайды, жауын жаудыру машиналарымен дәстүрлі суландыру кезінде - 40—50 %;
  • тамшылы суару жағдайындағы суды үнемдеу жауын жаудыру мен дәстүрлі суарумен салыстырғанда 2,5—3 артық;
  • қоректендіру элементтері тыңайтқыштар ерітінділері түрінде өсімдіктердің тамыр аймағына тікелей беріліп, жақсы сіңіріледі;
  • фертигация кезінде тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті негізгі енгізумен салыстырғанда біршама жоғары;
  • топырақтық ылғалдылық режимін оңтайландыруға жағдай жасалады;
  • тензиометрлерді пайдалану арқылы қалыпты суару топырақтың тұздануы мен сулануының алдын алады:
  • күшті жауын-шашын жағдайының өзінде тыңайтқыштарды фертигациямен енгізу мүмкіндігі;
  • суару кезінде топырақ құрылымын сақтау, топырақ қыртысы қалыптаспайды;
  •  ТӨЖ және фертигация пайдалану арқылы өсірілетін өсімдіктердің жоғары өнімділігіне байланысты ТӨЖ шығындары жылдам өтеледі және еңбек шығындары 1,5-2 есе азаяды.
Компания голланд, түрік және израиль фирмаларының заманауи құрылғыларымен жабдықталады, олар: шүмектер, қақпақшалар, гидрометрлер, сүзу станциялары және әр алуан сүзгіштер, фертигация құрылғысы, "лэйфлэт" суару түтігі, спринлекрлер, қосалқы бөлшектер мен толымдаушылар, сонымен қатар, «AGROIMPERIAL» ЖШС жобалық құрастыру жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі мен тамшылы суару жүйелерінің құрылғылардың қыр-сырын меңгерген мамандары бар.

Ауыл шаруашылық жобаларына агрономиялық қосымша жұмыстар

a3Одним из основных направлений работы нашей компании является комплексное агрономическое сопровождение сельскохозяйственных проектов. Біздің компания жұмысының негізгі бағыттарынң бірі ауыл шаруашылық жобаларына кешенді агрономиялық қосымша жұмыстар жүргізу болып табылады. А/ш дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары өте күрделі. Бір адам ниеті мен кез келген түрдегі таланты болған жағдайдың өзінде барлық жағынан маман болуы мүмкін емес. Технологиялар неғұрлым жоғарылаған сайын мамандану шеңбері де тарыла береді. Біз ешқандай ғылыми жаңалықтар ашпаймыз, мұндай міндеттер қоймаймыз. Ғылыми мекемелер көптеген зерттеулер жүргізген, алайда «олар халықтан бірқатар алыс». Сондықтан, өз миссиямызды біз қолда бар білімдерді жинақтап, мұқият електен өткізуге, жүйелеуге, сенімділігін анықтауға және ауыл шаруашылық пайдаланушыларды олармен жұмыс жасауға үйрету, өз өрістерінде жоғары өнім алуға, пайда табуға үйретуге негіздейміз, дегенмен экономикалық дағдарыс жағдайында барлығы сапасы максималды тауарды минималды баға бойынша іздейді. Дақылдарды өсірудің технологиялық карталары құрастырылады, минералды тыңайтқыштарды қолдану жоспары, өсімдіктерді қорғау шаралары жоспары және негізгі еркін құжат – дақылды өсіру экономикасының есебі жасалады. Біз Алматы, Жамбыл, және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтарда көкөністік, азықтық және жемісті дақылдар бойынша қосымша агрономиялық келісімдер жүргіземіз.

Топырақты кешенді талдау

Топыраққа кешенді талдау жасау бүгінгі таңда минералды шикізаттарды көп мөлшерде сатып алуға қабілетсіз шағын шаруа қожалықтары үшін де, ірі өндірушілер үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде шығындарды төмендетудің оңтайлы шешімі болып табылады. Оған тыңайтқыштарды дәл және негізді түрде енгізу, сонымен қатар, шығындарды жоспарлау мүмкіндігі арқылы қол жеткізуге болады. Топырақты кешенді талдауға негізгі және қосымша агрохимиялық параметрлерді анықтау жатады:
  • топырақ қышқылдығы pH,
  • топырақтың қарашірікпен қамтамасыз етілуі,
  • азот, фосфор, калидің қолжетімді формаларының мөлшері
  • кальций, магний, күкірт мөлшері
  • микроэлементтер мөлшері: мырыш, марганец, мыс, темір, бор, молибден, кобальт,
  • топырақтың механикалық құрамы,
  • тұздылығы мен сортаңдығы.
Осы көрсеткіштердің барлығын анықтау топырақтың әлеуетін анықтауға және өсімдіктердің минералды қоректенуін оңтайландыруға көмектеседі. Осы талдау негізінде минералды тыңайтқыштарды қолдану жоспары дайындалады, қажет болған жағдайда мелиорация шаралары жоспары жасалады.