«AGRO-IMPERIAL» ЖШС

КОМПАНИЯ ҰРАНЫ

Сапа, тиімділік, тұрақтылық!

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Компанияның дамуы
2013 жылы Қазақстанның аграрлық нарығында жаңа компания – «Голландиядан әкелген тұқымдар», «Караходжаева» ЖК және «Ермекбаев» ШҚ дүкендер желісінің базасында құрылған  «AGRO-IMPERIAL» ЖШС  пайда болды. Компанияның алғашқы жұмыс күнінен бастап негізін қалаушылар ауыл шаруашылық өндірушісінің қажеттіліктері мен мүдделерін сақтауға негізделген мақсатты, миссиясы стратегиясын нақты белгілеген.
Дұрыс менеджмент және орасан зор өндірістік тәжірибенің, жақсы реттелген жұмыс жүйесінің, қызметкерлердің жоғары біліктілігінің арқасында фирма белгілі мерзім ішінде көкөністік және азықтық дақылдардың тұқымдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тамшылы суару құрылғыларын және Қазақстан нарығында сату саласында ірі дистрибьюторлардың біріне айналды.
Біз HAZERA Seeds, SEMILLASFITO, BEJO ZADEN, IMA, CMR, KLEPSAN (damlama sulama sistemleri), ICL Fertillizers, NUTRITECH SYSTEM, SYNGENTA және MERISTEM S.T. секілді әлемдік компаниялар мен жоғары сапалы тұқымдық материалдар, тамшылы суландыру жүйесі және өсімдіктерді қорғау жүйелерін өндірушілердің ресми дистрибьютерлері болып табыламыз.
Компанияның миссиясы:
  • Ауыл шаруашылық өндірісі технологиясы саласында тиімді шешімлер мен инновацияларды дайындау және енгізу;
  • Аграрлық зияткерлік технологияларының шаруашылық шешімдерін қолдау арқылы ауыл шаруашылық өнімдерінің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру, осы арқылы Қазақстан экономикасының аграрлық-өнеркәсіптік секторының үдемелі дамуына жағдай жасау;
  • Біз ҚР қазіргі және болашақ ұрпағының игілігі үшін жұмыс жасаймыз.
Компания мақсаты:
  • Максималды пайда алуға жақындау жолында ауыл шаруашылық өндірісінің сенімді және құнды серіктесі болып қалу.
  • Біз сапа туралы айтқанда ең алдымен, тек өнім сапасын ғана емес, біз үшін маңыздысы – тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын да айтамыз!
Компанияның стратегиясы:
  • «AGRO-IMPERIAL» ЖШС ұжымы бүгінгі таңда 30 қызметкерді қамтиды, олар ауыл шаруашылық өндірушісіне барлық мәселелер және аграрлық бизнесті жүргізу бойынша жоғары сапалы және пайдалы кеңестер беруге дайын.
Компания аграрлық бизнесті жүргізумен байланысты барлық бағыттарда жұмыс жасайды. Банктермен, зерттеу институттарымен, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші компаниялармен және экспорттаушылармен серіктестікте болады.